Мерекеде бір реттік әлеуметтік көмек алады

0 1

Тұрар Рысқұлов ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің,оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасына сәйкес аудан аумағында мереке мен атаулы датаға сай бірқатар азаматтар бар. Алдымен ҰОС қатысқан ардагерлер — А.Сүлейменов, И.Құрбанов, Ж.Мырзахметов аталарға бір реттік әлеуметтік көмек ретінде бір миллион теңге қаражат төленеді , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Сонымен қатар соғыс кезінде қоршаудағы Ленинград қаласының тұрғыны болған, В.А.Корниловаға, 2 дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьде болған еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары санатына жататын қария В.В.Гавриковке, қайтыс болған соғыс мүгедектері мен ардагерлерінің 17 жесіріне-әйел,аналарға, ҰОС жылдары тылда еңбек атқарған 182 ардагерге бір реттік әлеуметтік төлем беріледі. Сол сияқты Ауған соғысы ардагерлері мен Чернобыль АЭС-ндегі апат зардаптарын жоюға қатысқан азаматтарға да бір реттік әлеуметтік төлем қарастырылған.

Төлемақы жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

Бұл жұмыстың сапалы атқарылуы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан жүзеге асырылады.

ҰОС#Ұлы жеңіс#1941-1945#75 жыл#

Leave A Reply

Your email address will not be published.