Жол сапасы бақылауда

0 5

Ағымдағы жылдың 5 мамыр күні «Сапалы жол» жобасы аясында Абай көшесіндегі автомобиль жолының қайта қалпына келтіру жұмыстарына мониторинг жүргізілді. Мониторингке Жамбыл облыстық Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының мамандары, тапсырыс беруші «Таразтрансэнерго» мекемесінің мамандары, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мамандары қатысты. Зерделеу нәтижесі көрсеткендей жолды қалпына келтіру барысынды бірқатар кемшіліктер анықталды. Атап айтсақ жолдың негізгі қатабы мен асфальт төшенісінің бірінші қабаты арасына сұйық битум құйылмаған және ескі асфальт пен жаңа асфальттың ортасына да битум жағылмаған, бұл кемшіліктер өз кезегінде жолдың тез бұзылуына алып келуі мүмкін. Сондықтан, тапсырыс беруші мекеменің құзырына орын алған кемшіліктерді жеткізіп, анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныс айтылды. Сонымен қатар, Жамбыл облыстық Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының мамандары асфальттың құрамын зерделеу үшін сынамасын алды, нәтижесі бір аптада дайын болады. «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жол сапасын тұрақты түрде бақылайтын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.