Айтқазы Қарабалаев жауынгер ардагерлерді төл мерекесімен құттықтап, үйлеріне барды

0 1

Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев жауынгер ардагерлерді төл мерекесімен құттықтап, үйлеріне барды. Мұндай құрметке бөленген жандардың бірі — Ұлы Отан соғысына қатысушы Ережепбай Муталип. Тоқсан беске аяқ басқан қарияға қала әкімі облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың атынан мерекелік ыстық лебізін білдіріп, лайықты құрмет көрсетті  , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Бүгінде қалада 33 ҰОС ардагері бар. Бұлардың әрқайсына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолы қойылған Құттықтау хат пен 1 миллион теңгенің сертификаты, мерекелік сыйлықтар табысталды.

— Талас ауданынан 1944 жылы әскер қатарына шақырылып, Ұлы Жеңістен соң әйгілі Брест қамалын қалпына келтіруге қатыстым. Елге оралған соң аудандық «Ленин жолы» газетінде алғаш жауапты хатшы, редактор болып қызмет атқардым. Талас ауданының Құрметті азаматымын.«Атақоныс», «Өлеңім –өмірім» т.б. кітаптарым жарық көрді. Ауданның,облыстың даму мен гүлденуіне кезінде өз үлесімді қостым, — деген ардагер жиналғандарға өзінің шығарған өлеңін оқып берді. Өзіне көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, алғысын айтып, авторлық кітабын қала әкіміне ұсынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.