Ерлік ешқашан ұмыт болмайды

0 3

Өкпебаева Тиішкен 1919 жылы дүниеге келген. 12-13 жасында ашаршылықты бастан өткізеді. Әрине, ол күндерді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. 1941 жылы соғыс басталғанда жолдасы Қонысбеков Қожамқұл алғашқылардың бірі болып соғысқа аттанады. Бірақ соғыстан оралмады. Қазір Мойынқұм ауданы, Жамбыл ауылында Ұлы Отан Соғысына қатысушыларға арналған ескерткіш тақтада есімі жазылып тұр. Тиішкен апа соғыс жылдары өгіз айдап, жер жыртып, егін егіп қара жұмыс істейді. Тоған шабады.

Соғыс аяқталған соң жарын күтеді. Алайда оралмаған соң тағдырдың жазуымен қайынағасы Қонысбеков Бейсебаймен бас қосып төрт баланы өмірге әкелді. Қиын қыстау күндерін күрсіне еске алып отырушы еді. Бейбіт күнде бала-шағасының ортасында өмір сүріп, немере, шөбере сүйіп 88 жасында 2007 жылы өмірден озды. Мереке қарсаңында еске алу артында қалған ұрпақтың парызы. Осындай жақсы күнді сыйлаған ата-апаларымызға мың тағзым.

Leave A Reply

Your email address will not be published.