Тұрар Рысқұлов ауданы коронавирус инфекциясының алдын алуда айтарлықтай жұмыстар атқарды 

0 0

Тұрар Рысқұлов атындағы ауданның тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы аудан аумағында коронавирус инфекциясының алдын алуда айтарлықтай жұмыстар атқарды ,-деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Ағымдағы жылдың қаңтар айының 27-нде аудандық көші-қон полициясы берген ақпарат бойынша аудан аумағына КС№4 ауысымдық лагерінде жұмыс атқаратын 6 қытай азаматы 18-22 қаңтар күндері Қытай мемлекетіне барып, ауданға қайта келгені анықталған. Сол күнен бастап медициналық бақылауға алынып, КС№4 ауысымдық лагері жұмысшыларының жалпы денсаулық жағдайы, өмір сүру жағдайы тексеріліп,бақылауға алынды.

2020 жылдың қаңтар айының 28-30 күндері аудандық орталық ауруханада коронавирус індеті тіркелген жағдайға дайындық бойынша 3 жаттығу сабағы өткізіліп, тәжірибе алмасу жүрді, семинар тренинг өтті. 2020 жылдың ақпан айының 3-нен Т.Рысқұлов аудандық орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінің Коронавирус індеті шығу жағдайына дайындығы қаралып,тексерілді. Басқарма тарапынан Коронавирус індеті бойынша оқыту семинары, 500 әңгімелесу, 2 акция, 100 лекция оқылып, ауылдық аймақтарда 13 ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Бүгінгі күні ауданымызда (COVID-19) 18 адам үй карантинінде бақылануда. «Жамбыл облыстық мамандандырылған балаларды оңалту орталығы» провизорлық госпиталь стационарына 29 сәуірде «Теңіз Шевройл» компаниясының 91 жұмысшысы орналастырылып, олардан алынған ПЦР тестіне 4 жұмысшының тесті оң нәтиже болғандықтан, 37 жұмысшы 14 күндік карантинге жатқызылды, 50 жұмысшы үй карантиніне жіберілді. Европа (Чехия, Норвегия т.б) елдерінен 63 Қазақстандық студенттер 4.05.2020 ж. стационарда жатқызылып (COVID-19) ПЦР тест алынды, тест нәтижесі теріс болғандықтан, үйлеріне қайтарылды.
Петропавл қаласында жұмыс жасап келген 50 әскери қызметкер Мөңке полигонында жатқызылып, ПЦР анализ алынды, нәтижелері теріс.
Ауданда КВИ-ге күдікті 3 ошақ (Луговой, Каменка, Құмарық) басқарма мамандарымен эпидемиологиялық зерттеу жұмыстары толығымен жүргізілді.
Вахталық әдіспен жұмыс жасайтын компанияларға вахталар ауысымы кезінде қызметшілерін КВИ-ге тексеріліп келулері туралы хат жолданған.
Ауданда қойылған 3 санитариялық бекетте басқарма мамандары қызметтерін жүргізуде.

Жүйелі жүргізілген жұмыстар нәтижесінда аудан аумағында індет жұққан науқас тіркелген жоқ. Жергілікті тұрғындардан КВИ-ге күдікті азаматтар болған жоқ.
Басқарма тарапынан 526 нысанға төрт реттен тексеру жүргізілді.Санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы,тиісті Жарғы мен қаулылардың орындалуы зерделенді.
Аудан аумағында дезинфекциялау шараларының талапқа сай өткізілуі де күнделікті бақылауға алынған.Сақтық шараларын қамтамасыз етуде басқарма қызметкерлері тарапынан жұмыстар сапалы атқарылуда.Карантиндік режим алынғанша,жоспарлы жұмыстар жүргізіле беретін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.