Тұрар Рысқұлов ауданында сауда орындары тұрақты бақылауда

0 3

Тұрар Рысқұлов ауданында азық-түлік,жанар-жағар май және халық тұтыну тауарлары бағасын тұрақтандыруға ықпал етуге байланысты аудандық штаб қайта құрылып, 4 мобильді топ Санитарлық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуді күшейтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Штаб мүшелері ірі сауда объектілерінің, киім-кешек базарларының, кафе мен мейрамханалардың, қызмет көрсету орындарының жұмысын Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығын іске асыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізе отырып, талапқа сай қадағалады.
Ауданда азық-түлік,жанар-жағар май және халық тұтынатын тауарлардың бағасын тұрақтандыруға ықпал етуге байланысты да аудандық штабтың 4 мобильді топ мүшелері күнделікті барлық медициналық және медициналық-әлеуметтік мекемелердегі аптекалардың дәрі-дәрмек қорын анықтап, бағаларын бақылауға алу, тиісті мониторинг жұмыстарын жүргізді. Т.Рысқұлов ауданында 33 түрі маңызы бар әлеуметтік азық-түлік және 53 түрі бар азық-түлікке жатпайтын тауарлардың, қызметтердің бағасын тұрақтандыру және жанар-жағар май бойынша апта сайын мониторинг жасалынып, ол ақпаратты Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасына және Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасына есеп беріп отырды.
Ауданда азық-түлік бағасын тұрақтандыру шараларын жүргізуде айтарлықтай жұмыс жүргізілді.Мысалы, Павлодар облысынан ауданға 68 тонна картоп жеткізіліп, барлық елді мекендерге таратылып, нарықтағы бағадан төмен 130 теңгеден сатылды. Павлодар облысымен 140 тонна картоп және 70 тонна сәбіз жеткізуге келісім жасалып, жұмыс сапалы орындалды.
Әлеуметтік тұрақтандыру қорынан 70 тонна қант жеткізіліп, ірі сауда орталықтарында («Қаракөз», «Аяжан», «Ақ босаға», «Алтын сарай», «Оптом маркет», «Эконом+») 190 тг сатылды.
«Ақтоған» ЖШС-нің 1 сұрыпты бидай ұнының 1 кг 120 теңгеден (шекті баға149 теңге/кг), макарон өнімдері 1 кг 184 теңгеден (шекті баға206 теңге/кг) төмен бағамен сатылуда.
Ауданда азық-түлік қоры жасақталған: 70 тонна ұн(«Ақтоған»30 тонна, «Нұртау Әулиеата»20тонна); 20 тонна макарон өнімдері(«Ақтоған»); 4 тонна тауық еті(«Бидайшы» ШҚ); 15 тонна сәбіз(«Жастар болашағы» ШҚ);10 тонна пияз. Дәнді дақылдар қоры жеткілікті, бағалары қолжетімді және қалыпты.
Тізілімдегі әлеуметтік мәні бар азық-түлік бағасын сақтау бойынша тиісті кәсіпкерлермен келісімдер уақытылы жүргізілген.
Базар мен сауда орындарындағы, дүкендердегі баға нарқы күнделікті бақылауға алынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.