Төтенше жағдай кезінде халық денсаулығын сақтауға ерекше көңіл бөлінді

0 0

Тұрар Рысқұлов ауданында төтенше жағдай кезінде халық денсаулығын сақтауға ерекше көңіл бөлінді. Аудан аумағында Коронавирус індетін жұқтырған науқас тіркелмеген , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Төтенше жағдай жарияланған күннен бастап үй карантинінде 115 азамат болса, оның 46-ы әскери қызметкерлер. Облыстық провизорлық орталыққа 4 азамат жіберіліп, анализдері теріс нәтиже көрсетті.Карантиндік режим енгізілгенге дейін ауданға 1793 азамат келді. Оның 826-ы студенттер, 130-ы аяғы ауыр аналар, олардың ішінен 11-і аман-есен босанды, 29-ы өз үйлеріне қайта кетті. Қазір ауданда 90 жүкті ана бар.
Медицина қызметкерлерінің әр ауланы аралау жұмыстары үздіксіз жүргізіліп, оған 95117 адам қамтылды. Телефон арқылы 24600 адамға дәрігерлік кеңес берілді.
Халыққа 43 млн.584 мың тг. 188 тг. 7039 адамға дәрі-дәрмек берілді.Бұл тұрғындардың саулығын сақтау мақсатында жүргізілді.
Ауданда қойылған 3 блок-пост арқылы карантиндік режим уақытында барлығы 4154 автокөлік өтіп, 12244 азамат тексерілді., олардың 3272-не сауалнама жүргізілді, 121119 Жадынама таратылды.
Жергілікті тұрғындарға 35000-ға жуық Жадынама таратылды.
Қазіргі уақытта үй карантинінде 115 адам бар, оның 46-ы әскери қызметшілер, қалғаны Ресей, Түркия, Корей, Қырғызстан мемлекеттерінен келген ел азаматтары.
Коронавирус індетінің алдын алу бойынша ПЦР анализ-тесті 399 адамнан алынды, оның 182-і медицина қызметкерлері, 167-і пациенттер болса, 50-і әскерилер.
Сонымен қатар 144 адамнан экспресс тест алынды. Оның ішінде ЖРВИ ауырған науқастар-54, ХОБЛ-мен ауырған науқастар-80, ЕАЭС-1; медицина қызметкерлері-9;
Аудандық орталық аурухананың 75 дәрігер, 300 орта буын қызметкерлері коронавирус инфекциясының алдын-алу шараларына жұмылдырылған.
Ауданға жалпы 17 перометр (тепловизорды алмастырушы) алынды. Оның 6-ы 3 блокпостқа берілді (әр постқа 2-ден), қалған 11 данасы аудандық орталық аурухананың бөлімдерінде пайдаланылуда.
Дезинфекциялық құрылғылар жеткілікті.
Коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтармен қатынаста болған науқастарды бақылауға жатқызуға жұқпалы аурулар бөлімінен 26 төсек орын даярланған.
Сапалы жүргізілген жұмыс нәтижесінде ауданда жағдай тұрақты.
Медицина қызметкерлері аудан халқының денсаулығын сақтау мақсатында бар күш-жігерлерін жұмылдыруда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.