Төтенше жағдай уақытындағы дәрігерлік қызмет-аса жауапкершілікті қажет еткен сала

0 2

Қауіпті індет айналаны жаулаған уақытта ауданның әр тұрғынының денсаулығына аса мән беру үлкен еңбек пен жауапкершілікті қажет етті. Бұл бағытта аудандық орталық аурухана қызметкерлерінің тынымсыз еңбегінің нәтижесі де айтарлықтай.Тұрғындар арасында түрлі дертпен науқастанған азаматтар дәрігерлер қамқорлығында болды.
Ауруханада 4 айда барлығы 1590 ауру емделді, өткен жылмен салыстырғанда, 120 ауруға көбейген. Барлық емделгендердің шұғыл көрсетімдері бойынша 976 азамат 61,4%, ал портал арқылы жоспарлы түрде 614 азамат,яғни 38,6% жатқызылған.
Қаңтарда емделгендері-419 адам, оның 290-Ы 69,2%шұғыл , 129-ы 30,8%жоспарлы жатқызылған.

Ақпанда емделгендер-387 адам, оның 258-66,7% шұғыл түрде, 129-33,3%жоспарлы жатқызылған.
Наурыз айында 401 науқас емделген,оның 250-і 62,3% шұғыл түрде,151-і 37,7% жоспарлы жатқызылған.
Сәуірде 383 науқас азамат емделді, оның 178-і 46,5%шұғыл түрде, 205-і 53,5% жоспарлы жатқызылған.
Аудан тұрғындары стационарлық көмек жағынан карантин шараларына қарамастан, толыққанды ем алып,дәрігерлік көмек алған.
Себебі қазіргі таңда науқас жан уақытылы ем қабылдамаса, асқынған аурулар көбейіп кетер еді. Бұл -халық денсаулығын жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстың бір парасы ғана.
Қауіпті індетті болдырмаудың барлық шаралары жүргізілді әрі бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғаса береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.