Төтенше жағдай көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге кедергі келтірген жоқ

0 0

Төтенше жағдай кезінде көктемгі дала жұмыстарын жүргізетін шаруашылықтарға тұқым тасуға, оны егуге, дизель отынын тасымалдауға ешқандай кедергі болған жоқ. Тиісті шаруашылықтарға көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге аудан арасында кедергісіз жүріп-тұруы үшін рұқсат қағаздар берілді.

2020 жылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізу барысында 2020 жылдың өніміне 59720 га жаздық масақты дақыл, 8440 га мақсары, 275 га қант қызылшасы 63 га дәндік жүгері, 336 га картоп, 191 га көкөніс, 86 га бақша өнімдері, 3803 га жоңышқа себіліп үлгерді.

Көктемгі егіс-дала науқанына ауыл шаруашылығы техникаларын дайындау, дайындығын тексеру жұмыстары ауданның барлық округтерінде бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіліп, көктемгі дала жұмыстарына 445 дана әр түрлі тракторлар мен қондырғылар қатысты.

2020 жылдың сәуір айының есебімен мал басы саны: ірі қара- 39911 бас, немесе 102,4 %, қой-ешкі- 489643 бас, немесе 101,3%, жылқы 19016 бас, немесе 105,8 %, шошқа 11452 бас, немесе 135,7%, түйе- 77 бас, немесе 114,9 %, құстар-110618 немесе 103,0 % болып отыр.
Мал өнімдері жыл басынан бері 2409,1 тн. Ет (104,4%), сүт 2875,6 тн (104,0 %), жұмыртқа 305,2 мың дана (103,8 %) орындалды.
«Ауыл тұрғындарының тұрмыстық жағдайын жақсарту жобасы» аясында Құмарық ауылдық округін қарасты 3 ауылға 797,2 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде үй іргесін тиімді пайдалануға 14,8 млн. теңге, мал шаруашылығын дамытуға 676,8 млн. теңге, 1 адам өз кәсібін ашуға 8,5 млн. теңге, мал азығын дайындауға 7,1 млн. теңге, 17 дана ауыл шаруашылығы техникаларын алуға 89,9 млн. теңге бөлінді.
Бүгінгі күнге несие алған ауыл тұрғындары 7156 бас мал алып, жоспар 102,0% орындалды. Үй іргесіндегі 54 гектар алқап жыртылып, сарымсақ, картоп дақылдары егілді.Мал азығына 284 га арпа, 630 га бидай, 139 га көп жылдық шөп егілді.
Барлық шаруаларды атқаруда санитарлық-эпидемиологиялық талаптар толығымен сақталды.
Карантиндік режим алынғанша,бұл жұмыс жалғаса беретін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.