Карантиндік шектеулерге Тұрар Рысқұлов ауданы халқы қолдау білдіреді

0 1

Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасынан, Фейсбук желісінде аудан әкімінің орынбасары Әлпеисов Бейсенбек Әшімәліұлы
БРИФИНГ өткізді.

«Төтенше жағдай аяқталуына байланысты аймақта қолданылатын шектеулер мен карантиндік режимнің сақталуы туралы» тақырыбымен өткен брифингте мемлекет басшысының кешегі Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында айтқан мәлімдемесімен жан-жақты таныстырды.
Брифингте әкім орынбасары төтенше жағдай кезеңінде ауданда атқарылған жұмыстарға ерекше тоқталып,қорытынды жасады.
Брифингте спикер ретінде
аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Ускенбаев Самат Советбекович те аудан аумағындағы карантиндік шаралардың сақталуы туралы түсіндірме ақпаратын ұсынды.
Облыстың бас санитары Г.Д.Надуевтің 2020 жылғы 10 мамырдағы #19 қаулысымен таныстырып,шектеулер туралы айтты.
Тікелей эфирде берілген сауалдарға нақты жауап берді.
Аудан аумағындағы атқарылатын шараларға тоқталып,кең көлемде түсіндіру жүргізді.
Бұдан бөлек аудандық газет пен әлеуметтік желі арқылы халыққа хабарлама ақпараттар жеткізді.
Аудан жұртшылығы енгізілген шектеулерді қолдайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.