Қашықтықтан оқыту-уақыт талабы

0 2

Ауданда жалпы білім беретін 39 мектеп бар, онда 14550 оқушы білім алады.
Оқу жылының 4-тоқсанын 13 мектептің 8714 оқушысы қашықтықтан білім алудан бастаса, 26 мектептің 5836 шәкірті республикалық «Elarna» және «Balapan» телеарналары арқылы қашықтан білім алуда .

Бұған дейін барлық мектеп ұжымы ата-аналармен онлайн-кеңес,ата-аналарға қашықтықтан оқыту бойынша әдістемелік көмек берген болатын.
Оқушылардың арнайы кестеге сай сабақтарға белсенді қатысулары мен білім алу деңгейі сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері тарапынан бақылауға алынған.
Аудандық білім бөлімінің жоспарында көрсетілген байқаулар, тәрбие сағаттары, жарыстар барынша қашықтықтан өткізілді. Сәуір айында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Айтым, сәлем, Қаламқас » атты онлайн ән байқауы, «Алтын Орда-ұлы дала тарихының арқауы» атты онлайн сурет байқауы, 1-4 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу челленджі, Ұлттық спорттық ойындарды насихаттау мақсатында «Отбасының өнегесі- Отан өнегесі» атты эстафетасы, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Желбіре, жеңіс жалауы » атты сурет, патриоттық әндер, шығарма, эссе байқаулары,сонымен қатар «Абай аманаты » атты Абай күйлерін орындаудан оқушылар арасында онлайн байқаулары өткізілді. «Ерлік сабағы», «Ұлы Жеңіс ұлағаты»атты түрлі акция мен челлендждерге оқушылар белсене атсплысты.
«Біз біргеміз!» акциясы аясында барлық мекемелер өз қолдауларын бейнебаян арқылы білдіріп,бейнеқұттықтаулар жолдады.Челленджге үн қосты.
Елімізде төтенше жағдай аяқталғанға дейін басқа да іс -шаралар жоспарға сәйкес қашықтықтан өткізілді, әлі де жалғасын табады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.