Жамбыл облысында 831 жоба жүзеге асырылады

0 0

Өңірде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде жергілікті өнім берушілермен бірге 831 жоба жүзеге асырылмақшы.  Құны , 61,2 млрд. теңгені құрайтын бұл жобалардың қатарында құрылыс, нысандарды қайта жаңғырту, ағымдағы және орта жөндеу жұмыстары бар, — деп хабарлайды  «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

 

Бүгінге оларды жүзеге асыратын жеңімпаздар толық анықталып, жұмыстар басталды. Жобаларды іске асыру барысында 19,6 мың уақытша, 1 мыңнан аса тұрақты жұмыс орны құрылады. 1,3 млрд. теңге салықтық түсімдер күтілуде. Сондай-ақ, жыл басында Қордай ауданында орын алған төтенше жағдай салдарын жоюға республика резервінен қосымша 2 млрд. теңге қарастырылып, бөлінді. Нәтижесінде 498уақытша жұмыс орны құрылып Қарасай, Қарасу, Аухатты ауылдарындағы 3 денсаулық сақтау насанына күрделі, Қаракемер, Масаншы, Сортөбе, Аухатты, Бұлар Батыр ауылдарындағы 96 көшенің жолдарын жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Аталған жобалар тек қалада ғана емес, елді-мекендерде де қолға алынған. «Ауыл-Ел бесігі» жобасымен қаралған 7,4 млрд. теңгеге 26 елді мекенде 109 жоба іске асырылмақшы. Осының аясында 1287 жұмыс орны (уақытша — 1233, тұрақты — 54) құрылады. 9 жаңа әлеуметтік нысан бой көтеріп, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы артад ы деп күтілуде.

Аймақта әлеуметтік міндеттемелерді орындау бойынша «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 16,8 млрд.теңгеге қарастырылған. 33,2 мың адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылады. Оның 1,9 млрд.теңгесі 2 291 адамды оқыту үшін жұмсалмақ. Ал, «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағытында 1326 кәсіпкерге 5,3 млрд.теңге шағын несие, 3346 адамға 1,8 млрд.теңге грант беріліп, 1602 адам бизнес бастаумен оқытылуда.

Осы уақыт аралығында 15,3 мың адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылса, 1168 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 4566 адам жастар практикасына жолдануданған. Облыстағы 289 мыңнан астам адамға 42500 теңге берілді. Сонымен қатар, өңірдегі 9433 отбасына 1,5 млрд.теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, бүгінде оны 9130 отбасы алған. Аймақтағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін «Нұр Отан» партиясы филиалы «Birgemiz» қорынан Тараз қаласындағы 7 санаттағы 16,8 мың адамға 50 мың теңгеден, 838,4 млн. теңге көлемінде көмек көрсеткен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.