Жуалылықтар көпжылдық шөпті қолдан еге бастады

0 0

Жуалы ауданының тұрғындары мал азығына қажетті көпжылдық шөптерді қолдан еге бастады. Аталған шаруа ауыл маңындағы жерлерді тиімді пайдалану бағыты бойынша жүзеге асырылуда,-деп жазады «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Ақтөбе ауылдық округінде – 494 аула бар. Оның 444 ауласы үй іргесіндегі жерлерді тиімді пайдалану бағыты бойынша 62 гектар жерге егіс егуді жоспарлап, бүгінгі күні 197 аула 35 гектарға қияр дақылдарын отырғызған. Сондай-ақ, жобаның бірінші бағыты бойынша ауылдық округте жалпы құны 15,7 млн. теңгені құрайтын 14 соттық 2 жылыжайдың құрылысы жүргізілуде.

Ауылдық округте мал шаруашылығы саласына баса мән берілген. Мәселен, жобаның екінші бағыты мал шаруашылығын дамыту бойынша 2347 бас мал сатып алу үшін 197 тұрғынға 559,9 млн. теңге несие беріліп, бүгінгі күні 179 тұрғын 482,1 млн. теңгеге 2214 бас мал (488 бас МІҚ, 679 бас жылқы, 1047 бас ұсақ мал) сатып алған. Бұл жұмыстар жоспарға сәйкес жалғасуда.

Пилоттық жобаның тағы бір бағыты ол — ауыл сыртындағы жерлерді тиімді пайдалану. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүргізуге 38,8 млн. теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күні 1373 гектар жерге дәнді масақты дақылдар мен көпжылдық шөп егу жұмыстары жүргізілген.
Жалпы пилоттық ауылдық округтердегі жұмыстарды жүргізу мақсатында «Атамекен-Бастау» ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған болатын. Жобаның төртінші ауыл шаруашылығы кооперативін құру және жабдықтау бағытында құрылған кооперативке 93,9 млн.теңгені құрайтын 19 дана әртүрлі ауыл шаруашылығы техникалары берілді. Қазіргі уақытта тиісті жұмыстардың барлығы осы техникалардың күшімен атқарылуда.
Ал, бесінші бағыт ауыл тұрғындарының жеке кәсібін ашу бойынша ауыл тұрғындарынан кондитерлік цех ашу жобасы ұсынылған. Қазіргі уақытта бұл жоба 4,76 млн. теңгеге қаржыландырылып, жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, осы тұрғыда зерделеу барысында тұрғындардың ұсыныстарымен халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған 5 бағыт қарастырылған болатын. Олар: үй іргесіндегі және ауыл сыртындағы (пайлық) жерлерді тиімді пайдалану, үй ауласында мал және құс өнімділігін арттыру, қосалқы шаруашылықтарды жемісті жүргізуге қолбайлау-мәселелерді кооперативтер арқылы шешу және ауылдағы шағын жобаларды қаржыландыру. Бұл 5 бағыт бойынша жалпы құны 46,4 миллиард теңге көлемінде 31 мыңнан астам жобаны іске асыру мүмкіншілігі анықталған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.