Байзақ ауданында 3 мәдениет үйі пайдалануға беріледі

0 15

Байзақ ауданында биыл 3 мәдениет үйі пайдалануға беріледі. Нысандар Бурыл, Жетібай, Көкбастау елді мекендерінде, — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Байзақ ауданында барлығы 173 жоба жүзеге асырылуда, 3 мәдениет саласына тиесілі.
Өткен жылы мәдениет саласында бірқатар жұмыстар атқарылған. Шалғай елді мекендердегі тұрғындарға мемлекеттік қызметтің қолжетімділігін арттыру мақсатында 2 8 цифрландырылған ақпараттық орталықтар ашылды. Орталықтарды ашуға жергілікті бюджеттен 2500,0 теңге қаржы бөлінді. Ал 10 ақпараттық орталыққа жергілікті бюджеттен 5 млн. теңге бөлініп, қажетті құрал-жабдықтармен қамтылды. Бүгінгі таңда 18 ақпараттық орталыққа 4189 тұрғын жүгініп, қажетті анықтамаларға қол жеткізе алған.

Мәдениет саласында биылғы жылы 3 ауқымды жоба іске асырылмақ. Олар Бурыл ауылында 180 орындық мәдениет үйі (жоба құны 157901,0 мың теңге), Жетібай ауылында 90 орындық мәдениет үйі (жобалық құны 101609,0 мың теңге), Көкбастау ауылында 90 орындық мәдениет үйінің құрылыстары (жоба құны 96211,0 мың теңге) басталды. Аталған жобалар республикалық бюджеттен қаражыландырылып, оған 355 млн. 721 мың теңге бөлінді. Құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп, нысандар жыл соңына дейін ел игілігіне беріледі. Бұл үш құрылыс 33 жылдан кейін мәдениет ошағының бірінші құрылысы болмақ. Бұдан бөлек, 2022 жылы Кеңес ауылынан 90 орындық, 2023 жылы Тегістік ауылынан 90 орындық ауылдық клубтарды салу жоспарланып,
Жамбыл облысы бойынша елді мекендерді мәдениет нысандарымен қамту картасына енгізілген.
Жыл сайын мәдениет саласының бюджеті кобеюде, мысалы 2019 жылы 223,304 мың теңге, оның ішінде материалдық-техникалық базаны нығайтуға 44,487 мың теңге қарастырылса, ал 2020 жылы осы мақсатта 315, 383 мың теңге, оның ішінде материалдық – техникалық базаны нығайтуға 79, 203 мың теңге қарастырылған.

Айта кетейік, Жамбыл облысында мәдениет саласында ауқымды жұмыстар атқарылмақ. Атап айтар болсақ өңірде«Ауыл – ел бесігі» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары аясында алты жаңа ауылдық мәдениет үйі мен клубтар ашылады. Сонымен қатар, екі ауылдық клуб пен кітапхана жөндеуден өтеді. Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ағымдағыт жөндеуден, ал Байзақ аудандық мемлекеттік мұрағаты абаттандырылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.