Өнегелі отаудың өрісі кең

0 30

Біздің қоғамда отбасы әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, түрлі буындар арасын жалғастырушысы болды және солай болып қала бермек. Бабаларымыз «Отан – отбасынан басталады» деп бекер айтпаса керек-ті.

Ал бүгінде отбасына ғана емес, өз еліне де пайдасын тигізіп жүрген іскер әйелдер қаншама?! Солардың бірі де бірегейі, Жамбыл облыстық «Вынхуа дүнген қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі — Нұралиева Динара. Динара Хаттамқызы бірлестікке мүше ғана емес, озат оқушыларды қанаттандырған Тараз қалалық № 34 мектеп директоры. Сондай-ақ, аналар кеңесінің өкілі.

Шаңырағын биікте ұстай білген өмірлік серігі — Абамов Мұхаммед Рахимұлы жеке кәсіппен айналысады. Ал іскер әйел кәсіпқойлығымен қоса отбасының ұйытқысы. Жолдасы екеуі үрімдей 2 қызды және 1 ұлды тәрбиелеп отыр. Отағасы мен отанасының мәдениеті, бүкіл болмысы, жан дүниесі, иман-ұяты ұл-қыздарына берген тәрбиесінде көрінбей қоймайды. Нәтижесінде, балалары облысымыздағы көптеген байқауларда бақтарын сынап, #Абай175 челленджіне де қатысты.

Өмір белестерінде түрлі ауыртпалықтар, қиындықтар, әртүрлі кедергілер кездесуі мүмкін. Сол қиындықтарға қарамай, «Өмір» асуынан бірге өтіп, бір-біріне демеу бола білді. Жақсылықтың жаршысы болған Динара Хаттамқызы «Маған болған жақсылық басқалардың да бақшасынан табылса екен», — деп тілейді. Халыққа сыйлы бұл отбасы «елім маған не береді?» деп емес, «мен еліме не беремін?» деген ұғымды ұрандатып келеді.

Жамбыл облысы әкімі аппараты

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығының баспасөз хатшысы

Бибігүл Шахзада

Leave A Reply

Your email address will not be published.