Диқан болсаң жүгері ек

0 3

Былтырдан бері Мойынқұм ауданында  егін саласы мықтап қолға алына бастады. Мәселен  «Байбарақ-Агро» кооперативі  биыл 35 гектар жерге жүгері еккен, бітік шыққан егіннен жоғары түсім алуды көздеп отыр,-деп жазады «Zhambylnews» АА.

Өткен жылы аудан басшысы Мәден Мұсаевтің қолдауымен мойынқұмдық біршама шаруалар қолдарына кетпендерін алып егін алқаптарынан табылып жүгері егіп мол өнім алғаны баршамызға мәлім. Осы жүгері егумен Бірліктік шаруларда өз нәтижелерін көрсеткен болатын. Биылда өз жерлерін ұлғайтып жүгері, жоңышқа, арпа, тары егуді қолға алған шаруаның бірі Алмабек Әбдіқалықов «Байбарақ-Агро» деп аталатын кооперативінің жетекшісі А.Әбдіқалықовтың айтуынша, былтырғы жылы 25 га жерге жүгерінің «Қаз Будан» (круглы) сортын егіп, гектарына 8,5 тоннадан өнім алған. Ал биылғы жылы 35 гектар жерге «Каз Буданнын» (плоски) сортын ерте көктемнен егіп қойыпты. Қазіргі таңда біршама көтеріліп қалған жүгерісі бітік шыққан. Сонымен қатар кооператив 25 гектар жерге жоңышқа егіпті. Сондай-ақ маусым айында 10 гектар жерге тары себуді жоспарлап отыр. Коопертив 1 трактор,1 тұқым сепкішпен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда ұйымдағы техникалары өзгеде шаруалардың жерлерін жыртып, жүгерілерін себуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.