Жазғы сауықтыру жоспарлануда

0 1

Биыл аудан аумағында балалар мен жасөспірімдер орталығына қарасты балалар жазғы сауықтыру лагері 3 маусымда жұмыс атқарады деп жоспарлануда, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

1-ші кезеңде -70 бала, 2-ші кезеңде -65 бала, 3-ші кезеңде -65 бала, барлығы 200 баланы жазғы демалыспен қамту жоспарланған.

​Балалар мен жасөспірімдер орталығына қарасты балалар жазғы сауықтыру лагерінде бірқатар жұмыстар атқарылуда. Лагерь аумағының айналасы тазартылып, шөптері шабылып, тал-дарақтар түптелді.

Арықтары қазылып, тазартылды, жатын бөлмелердіңибарлығының іші-сыртына, асхананың, сахнаның, қоймалардың, әжетхананың, іші-сыртына сырлау, ақтау жұмыстары толықтай жүргізілуде.

Ауданның аса мұқтаж отбасы балалары еркін демалып,сауығып шынығуы үшін барлық жағдай қарастырылып,тиісті жұмыстар басталып кеткен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.