Ақпараттандыру-басты мәселе

0 1

Коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық жұмыстың маңызы зор.
Халыққа телеарна мен ақпараттық сайттар, әлеуметтік желілер арқылы барлық ақпараттар,ауданда құрылған жедел штабтың хаттамалық тапсырмалары мен жедел міндеттерінің орындалуы жарияланады.
Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен барлық 15 ауылдық округте 36 ақпараттық-көрнекі құрал ілінді.
Облыстық телеарнаға Коронавирус індетінің алдын алу бойынша 9 сюжет шықса, ақпараттық сайттар мен агенттіктерде 50 арнайы материал жарияланды.
Аудандық және облыстық газеттерде 90 мақала,хабарлама,ақпараттық материал жарияланды. Ішкі саясат бөлімі мен тиісті мекемелер тарапынан карантиндік режимді сақтау туралы 20 бейнеролик және дезинфекциялау,сақтық шараларын күшейту, қауіпсіздікті бақылау бойынша 25 бейнеролик жасалып,халыққа таратылды. Сонымен қатар ерікті жастардың көмегімен он мыңнан аса үнпарақшалар мен жадынамалар, ереже талаптары таратылды.
Аудандық орталық аурухана тарапынан отыз мыңнан аса үнпарақша мен жадынама таратылып, әр тұрғын аула азаматтарына түсіндіру жүргізілді.
Бұл жұмыс әкімдіктің жедел штабы тарапынан жіті бақылауда.
Ақпараттық қолдау мен халыққа уақтылы түсіндіру шараларын сапалы жүргізу де сақтықты күшейтуге көп көмек береді.Сондықтан алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.