Тұрар Рысқұлов ауданында індетті алдын алу шаралары күшейтілуде

0 0

Аудан халқы арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында Т.Рысқұлов аудандық әкімдігі жанындағы мобильді топ құрамымен бірге аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары Қазақстан Респуликасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 22 мамырдағы N 37 Қаулысы, Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Жамбыл облысы аумағында карантин режимін әлсірету туралы» 2020 жылғы 18 мамырдағы № 20 Қаулысының орындалуы бойынша аудандағы сауда орталықтары мен ұсақ дүкендерін, әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету нысандарын аралап,эпидемияға қарсы санитарлық режим талаптарының, жұмыс режимінің сақталуына зерделеу,тексеру жұмыстарын жүргізді.

Мобильді топ мүшелері жұмыс орындарында санитариялық және дезинфекциялық іс-шараларды жүйелі түрде жасау керектігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде 83 нысанды аралап, 45 нысан толық тексерілді. Қазіргі уақытта аудан аумағында ашылған 118 нысан бар,оның зерделеуге 83-і қамтылды.
Оның 40-ы нормаға сай нысан болып табылса, 5 нысан талапқа сай болмады, 5 нысанға ескерту шарасы берілді.

Бұл жұмыс осы аптада тағы жалғасын тауып,санитарлық жағдай қатаң бақылауға алынатын болады.

Аудан аумағындағы індет ошақтары анықталған Құлан,Луговой,Д.Қонаев ауылдарында тексеру күшейтіліп,азаматтардың қауіпсіздігіне баса мән берілетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.