Таластықтар пилоттық жобаның тиімділігін көре бастады

0 3

«Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту жобасы» аясындағы Талас ауданы Үшарал ауылдық округі бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда.Бүгінде аталған елді-мекеннің тұрғындары үй іргесіндегі жерлерді игеріп, несиеге мал басын арттырып жатыр,-деп жазады «Zhambylnews» АА.

Былтырғы жылы басталған пилоттық жобаға Талас ауданынан Үшарал ауылдық округі енген болатын. Окургке қарасты 3 елді мекен бар. Барлығы 326 аулада 2 207 адам тұрады.

Ауыл тұрғындарының әлеуметтік-тұрмысын жақсартуға барлығы жоспар – 178 жоба белгіленсе, бүгінде 235 жобаның құжаттары өткізіліпті. Оның 193-не 959 млн. 500 мың теңге қаражат берілген.

Жалпы округтағы 326 ауланың үй іргесіндегі жер көлемі 55,15 га, оның ішінде 183-і толық сумен қамтылғаны, ал пайдаланбай жатқан жер көлемі 21,8 гектар.
Жобаның бірінші бағыты үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану. Ауыл тұрғындарының 55,15 гектар үй іргесіндегі жерлеріне тұқым, тыңайтқыш, гербидциттер алу үшін 20 млн. теңге бөлінген екен.

Бүгінгі күнге үй іргесіндегі жерге қызанақ, қияр және картоп және 28 гектар қауын, 16,8 гектар қарбыз егілген.

Ал жылыжай салуға елді мекеннің бір тұрғыны өтініш берген. Бүгінде 10 соттық жерге жылыжай салу үшін

8 млн. 200 мың несие берілген. Қазір құрылысқа қажетті жабдықтар жеткізілуде. Ауыл тұрғыны жұмыстарды күз мезгіліне дейін аяқтап, қыркүйек айында жылыжайға қияр мен қызанақ өсіруді қолға алмақшы.

Ауыл тұрғындарының тұрмыстық әл-ауқатын арттыруға арналған игілікті жобаның екінші бағыты мал шаруашылығына арналған.
Пилоттық жоба аясында 194 ауыл тұрғындарынан сұраныс түсіп, 49 млн. 251 мың тенгеге жалпы саны 1 905 мал сатып алынды. Оның ішінде 666 жылқы, 427 бас мүйізді ірі қара, 812 қой-ешкі бар.

Пилоттық жобадан кейінгі тұрғындардың мал басының саны 19 038 басты құрап, 2000 ға артқан.

Ал үшінші бағыт бойынша Үшарал ауылдық округі тұрғындарының ауыл сыртындағы жер үлесі 8 068 гектарды құрайды. . Оның ішінде жайылымдық, шабындық, егістік жер бар.

Тұрғындардың ауыл сыртындағы жер үлесін тиімді пайдалану бағыты бойынша кооперативке 510 гектар жерге мал азықтық ауыл шаруашылығы дақылдарын егу үшін тұқым, тыңайтқыш, гербидциттер сатып алуларына 30 млн. тенге несие берілді.

Сонымен қатар, Үшарал ауылында ауыл шаруашылығының саласының өндірген өнімдерін ұқсату және қызмет көрсету мақсатында «Талас-2020» кооперативі құрылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.