Жамбыл облысында 7 181 түлек ҰБТ-ға қатысады

0 0

Жамбыл облысы бойынша мектеп бітіргелі отырған 9 171 түлектің
7 181-і ҰБТ-ға қатысу үшін онлайн өтініш тапсырды. Оның ішінде 383 түлек «Алтын белгіге» және 366 түлек үздік аттестатқа үміткер, — деп жазады «Zhambylnews» АА.

Биылғы оқу жылында қашықтықтан оқыту жүйесіне сәйкес 9, 11 сыныптарда қорытынды аттестаттау ағымдағы оқу жылының жылдық бағаcы негізінде жүргізіледі.

Жалпы ҰБТ облыста маусымның 20-сы мен шілденің 5-і аралығында 10 тестілеу өткізу пуктінде өтеді деп жоспарлануда.

Биылғы тесттің ерекшелігі берілетін тест тапсырмаларынан IV-ші тоқсанның материалдары бойынша сұрақтар алынып тасталды.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге түлектерді дайындау жұмыстары жүргізілуде. Бұл бойынша білім басқармасының сайтында арнайы парақша ашылып, педагогтардың онлайн сабақтары күнделікті жариялануда.

Бұдан бөлек түлектер қашықтықтан оқытуға көшкелі Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz. сайтында, «Daryn.online», «BilimLand» порталында және «iTest» виртуалды кешенінде жарияланған онлайн тест тапсырмалары арқылы байқау сынақтарынан тегін өтуде. Онда тесттің 70 нұсқасы берілген.

Тағы бір атап өтетін жайт, Тараздық түлектер мамыр айынан бастап «PyVela» көпфункционалды мобильді қосымшасы арқылы ұлттық бірыңғай тестілеуге тегін дайындалуға мүмкіндік алды.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің ұзақтығы – 3 сағат 50 минутты құрайды. Барлығы – 120 сұрақ берілсе, ең жоғарғы балл-140 болып есептеледі.

Сондай-ақ, ҰБТ-ның қорытындысы бойынша бейнежазбаларға талдау жасалады. Пайдалануға тыйым салынған заттарды қолданған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады.
Мемлекеттік гранттар оқыту тілі есепке алынбай тағайындалатын болады.

ҰБТ қорытындысы туралы сертифакат пен Білім беру грантының тағайындалуы туралы куәліктер электронды түрде берілмек.

Мектеп бітіруші түлектер үшін «Birgemiz: Түлек- 2020» мектеп бітіру іс-шараларын өткізу тұжырымдамасы әзірленген.

Қалыптасқан ахуалға байланысты 11-сынып түлектеріне аттестаттарды тапсыру және соңғы қоңырау 3-4 маусымда өткізіледі деп жоспарлануда. Іс-шаралардың барлығы ашық алаңшаларда ұйымдастырылады. Қатысушыларға маска тағу міндеттеліп, ара қашықтық сақтау қатаң бақыланатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.