Жамбыл облысы ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша республикада алдыңғы қатарда

0 14

2020 жылы Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында облыстың ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында 22,8 млрд. теңге бөлінген.

Осы қолдаулардың нәтижесінде жыл басынан бері ауыл шаруашылығында өндірілген өнімнің жалпы көлемі – 39 474,5 млн. теңгені құрап, республика бойынша алдың қатарға шықты, -деп жазады «Zhambylnews»АА.

Аймақта мал басы саны да артып келеді. Мәселден, ағымдағы жылдың 4 айында облыстағы мүйізді ірі қара саны 481,7 мың басқа жетіп, былтырғы жылмен салыстырғанда 8,1% артса, қой мен ешкі саны – 3643,3 мың басты құрады.
Өңірдегі ет және сүт өндірісінде де алға ілгерілеушілік бар. Жыл басынан бері өңірден 108,1 тонна ет экспортталса, оның 36 тоннасы сиыр, 71,8 тоннасы қой еті. Сапалы, сұранысы жоғары өнімдер Меркі және Қордай аудандарында дайындалып, Біріккен Араб Әмірлігіне жөнелтілуде. Нәтижесінде аймақтағы ет өндірісінің көлемі 5,5%-ға артқан.

Нәтижелі жұмыстар тек мал шаруашылығы ғана емес егіншілік саласында да жүзеге асырылып жатыр. Жамбыл облысы әкімдігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ және «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ арасындағы ауыл шаруашылығы дақылдарының 2017-2021 жылдар аралығындағы егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру туралы меморандумға қол қойылған болатын. Осыған сәйкес, облыс ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемін 710 мың гектарға орналастыру немесе өткен жылмен салыстырғанда 22,9 мың гектарға (3,3%) арттыру жоспарланған.

Бүгінде жаздық масақты дәнді дақылдарды себу жұмыстары толық аяқталды. 215,4 мың гектарға дән себіліп, өткен жылмен салыстырғанда 27,0 мың гектарға артқан.
Аймақта көкөніс, картоп, көпжылдық шөп, бақша дақылдарын егу жұмыстары өз мәресіне жетті.

Одан бөлек, 56,8 мың гектарға майлы дақылдар 4,4 мың гектарға қант қызылшасы отырғызылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жекелеген аудандарда әлі де жалғасуда.
Сонымен қатар, көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру да жалғасын табуда. Бүгінде 41 ауыл шаруашылығы құрылымдарынан 310,42 млн. теңгеге өтінім берілсе, 40 шаруашылықтың өтініші мақұлдаудан өткен. Мұның бәрі аталған саланың алға басуына ықпал етуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.