Сарысу ауданының кәсіпкерлері » Егістіктен сөреге дейін» принципі бойынша жұмыс істей бастады

0 7

Сарысу ауданының өндірушілері мұндай жұмыстың тиімділігін ескере отырып  » егістіктен сөреге дейін» принципі бойынша жұмыс істей бастады. Қазірде сүт пен ет тікелей дүкендерге түседі , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Сарысу ауданының кәсіпкерлері біртіндеп осы жүйемен жұмыс істеуге көшуде. Олардың пікірінше, тек осы жағдайда ғана сатып алушы сапалы азық-түлік өнімдерін ешбір делдалсыз, бірінші қолдан алады. Балғын ет, үй шұжығы, ауыл жұмыртқасы, сүт. Бұл тауарлардың барлығы үй жанындағы дүкен сөрелерінде орналастырылса, мұндай нұсқа көптеген адамдар үшін мінсіз шешім болар еді.

Мысалы, Жайылма ауылының тұрғыны Ерлан Абайұлы Сәрсенбеков «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқып, жылқы шаруашылығы саласында өз бизнесін бастауды шешті. Меншігінде 6 жылқысы бар кәсіпкер «АШҚҚҚ» АҚ-нан 4,0 млн.теңге көлемінде несие алып, 10 жылқы қосымша сатып алды. Қәзіргі таңда қымыз сауып, жасап шығарады. Қымыз, ғасырдан аттап, өзінің құндылығын жоғалтпаған дәстүрлі сусын. Біздің ата-бабаларымыз үшін ол жастық пен денсаулықтың өзіндік эликсирі болды. Шын мәнінде ол біздің халық медицинасының шыңы болып табылады, әлсірегенге – күш, науқасқа – денсаулық, көңілі жабырқауға – көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

Сарсенбеков Ерлан Жаңатас қаласының орталық базарына және дүкендеріне қымыз өткізеді. Кәсіпкердің қымыз өндіру көлемін арттыруға, Сарысу ауданының ірі сауда орындарына өткізуге және жеке дүкенін ашу жоспары бар.

Жанатас қаласының тұрғыны Оразбай Гулзира Бекболатқызы «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқып, 200 АЕК көлемінде грант ұтып, жартылай фабрикаттар өндіру цехын ашты, қәзіргі таңда екі адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп отыр, ал дайындалған өнімді жергілікті дүкендерге сатады.

Ауыл тұрғындарын, фермерлерді, қайта өңдеушілерді және сауданы бір өндірістік-өткізу тізбегіне кірістіру арқылы ғана импортты алмастыруға, өнім өндіру көлемін арттыруға, ауыл тұрғындарын кірістермен қамтамасыз етуге және фермерлердің рентабельділік деңгейін көтеруге болады.

Аталмыш «Алқаптан сөреге дейін» принципі оң нәтижесін береді деп күтілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.