Құланда тәртіп шаралары күшейтілуде

0 4

Құланда тәртіп шаралары күшейтілуде , – деп хабарлайды   “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Аудан әкімдігінің жанынан құрылған мониторингтік топ мүшелері Құлан ауылындағы кәсіпкерлік нысандарды аралап, түсіндіру-ақпараттық жұмысын жүргізді.
10 нысанға ескерту беріліп,санитарлық талаптардың сақталуы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ауданда обьектілердің қызметін қайта бастауға дайындығын бағалау үшін 5 мониторингтік топ құрылған.

Бүгінге дейін 241 нысанның дайындығы тексеріліп,230 нысанға ескертулер берілді.
Мониторинг топ жұмысының нәтижесіне сай Құлан ауылы,Жібек жолы көшесі #28 мекенжайда орналасқан жеке кәсіпкер А.Х.-ға «Эконом» дүкеніне қатысты ҚР ӘҚБК 462-бабы 3-бөлігі бойынша хаттама толтырылып,194460 тг айыппұл салынды.
Бұл жұмыстар алдағы уақытта жалғасып,бақылауда болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.