Өңірде тамыз айынан бастап ыстық су беріледі

0 5

Тараз қаласында тамыз айынан бастап ыстық су қайта қосылады. Бұл туралы «ӨКҚ» алаңында өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Князь Тұртаева айтты, — деп жазады «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі.

Ағымдағы жылы 1 шілдеден бастап өңірде жылумен жабдықтаушы кәсіпорындары жылу қазандықтары мен жылу жүйелерінде жоспарланған жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты ыстық су беру тоқтатылған болатын.

— Бүгінгі күні ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап ыстық су беру үшін, 3 ауысымдық режимде жұмыстар жүргізілуде. РК-4 аудандық қазандығынан ыстық су беру жоспарлануда.РК-4 аудандық қазандығынан ыстық су алатын тұтынушылардың жалпы саны- 612 көпқабатты тұрғын үйді құрайды, — деді Князь Таңатарқызы

Сонымен қатар, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмысты 2 аптаның ішінде аяқтау жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда барлық 17 ауданда жұмыс қарқыны жеделдетіліп, аяқталғаннан кейін үйлерді кезең-кезеңімен ыстық су қосылатын болады.

Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 17 жобаға 1,8 млрд. теңге бөлінген. Соның ішінде, Тараз қаласы бойынша 7 жоба іске асырылуда. Қайта жаңартуды қажет ететін 4269 метр жылу жүйелерінің 44 % демонтаждалып, 20 % монтаждалып, ауыстыруды қажет ететін 2 қазандық толық демонтаждалып, жаңа қазандықтарға тапсырыс берілген. Бүгінгі таңда, барлық 17 аудандағы жұмыстарды барысы қатаң қадағалануда, арнайы техника және жұмысшылардың саны көбейтіліп, жалпы жұмыстарды 2 аптаның ішінде аяқтау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, қала тұрғындарына тамыз айынан бастап ыстық су беру үшін РК-4 аудандық қазандығын қосу бойынша шешім қабылданды. Қәзіргі таңда, аталған қазандықта 3 ауысымдық режимде жұмыстар жүргізілуде.Нәтижесінде,612 көпқабатты тұрғын үйге ыстық су беріледі (жалпы 912 үй, соның 67%).

Жылу желілерін ауыстыруды аяқтағаннан кейін, Айтиев Байзақ батыр, Балуан шолақ көшелері бойынша жолды қалпына келтіру, асфальт төсенішін төсеу және абаттандыру жұмыстары «АрайСтройМаркет» ЖШС тарапынан жүргізілетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.