Қаладағы көшелер мен аялдамаларға дезинфекция жұмыстары жүргізілді

0 2

«Жасыл-Ел Тараз» ЖШС-ның қызметкерлері қаладағы 28 көшеде және 120 аялдамада дезинфекция жұмыстарын жүргізді, — деп жазады «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі.

Аталған іс-шараға 8 қызметкер, 6 техника жұмылдырылып, 120 000 литр дезинфекциялық ерітінді жұмсалды. Барлығы 1 512 000 шаршы метр аумақ залалсыздандырылды.

Сондай-ақ, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 28903 әскери бөлімінің жеке құрамы қаладағы «Жайлау» (3) ықшам ауданында дезинфекция жұмыстарын жүргізді. Аталған іс-шараға 50 әскери, 4 техника жұмылдырылып, 2 500 литр дезинфекциялық ірітінді жұмсалып, барлығы 12 500 шаршы аумақ залалсыздандырылды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.