Сақтық шараларын ұстануға шақырды

0 7

Мойынқұм ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің » Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері мен ерікті жастар бірлесіп аудан тұрғындарын сақтық шараларын ұстануға шақырды, — деп хабарлайды  “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Олар көпшілікті Жамбыл облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің м.а Н.Муликованың «Жамбыл облысында қатаң карантиндік шектеу шараларын енгізу туралы» 2020 жылдың 5 шілдесі күнгі номері 28 қаулысындағы шектеу шараларымен таныстырды.

Сондай- ақ қаулыда айтылғандай бетпердемен жүру, өз денсаулығыңызды сақтаудың бірден бір септігі екенін, 63 жастан асқан азаматтардың аса қажеттіліксіз үйден шықпауын, 3 адамнан артық топталып жүруге болмайтынын, санитарлық талаптарды ұстану керектігін түсіндіріп, арнайы дайындалған инфографикалар мен парақшалар үлестірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.