Жамбыл облысында дәрілік заттардың құнын көтеру фактілері анықталуда

0 0

Жамбыл облысында дәрілік заттардың құнын көтеру фактілері анықталуда. Дене қызуын төмендететін препараттар мен антибиотиктердің бағасы негізсіз өсті. Күн сайын Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері дәріханалардың қызметіне мониторинг жүргізуде, — деп жазады «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың дәріханалық және медициналық ұйымдарда дәрілік заттардың заңсыз сатылу және бағасын көтеру, сондай-ақ дәрілік заттарды лицензиясыз сату фактілерін анықтау және жолын кесу туралы тапсырмасын орындау үшін, Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен 2020 жылдың 5 шілдесінен бастап дәрілік заттарды сату кезінде бағалардың сақталуын бақылау, заңсыз сату және жалған заттардың таралуының жолын кесу фактілерін анықтау үшін мониторингтік топ құрылды.

Мониторингтік тобының құрамына Департаменттің фармацевтикалық қызметті бақылау және фармацевтикалық инспекторат бөлімі бойынша мамандар, Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер бойынша жедел уәкілі, Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы-экономикалық бөлімінің басшысы, Жамбыл облыстық фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының төрағасы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі кірді.

Мониторингтік топ, Жамбыл облысының фармацевтикалық қауымдастығымен кездесу ұйымдастырды, онда кәсіпкерлер COVID-19 симптоматикалық емдеу үшін, аймақтағы дәрілік заттардың жағдайын тұрақтандыру бойынша дәрілік препараттармен бөлшек сауда объектілерінің және көтерме сауда қоймаларының жұмысына қойылатын талаптар туралы түсініктеме алды. Облыстың дистрибьюторлары бөлшек дәріханалар үшін вирусқа қарсы препараттарды тұрақты жеткізуді жүзеге асырады, ыстықты төмендететін құралдар мен антибиотиктер қорын толықтырады.

Сондай-ақ, рейд барысында дәріхана иелерімен медициналық дәрі-дәрмектердің бағасын көтеруге жол бермеу туралы әңгімелесулер өткізіледі.

— Тараз қаласы, Талас көшесі, 100 («NUR $ MEREY» ЖШС) мекен-жайы бойынша орналасқан дәріханада рецептсіз дәрілік заттарды жоғары бағамен сатылғандығын анықтады. Департамент қызметкерлері Тараз қаласының базарларында жеке тұлғалардың ацетилсалицил қышқылын (аспирин) және парацетамолды қолдан сату фактілерін анықтады. ҚР ӘҚБтК 426-бабының 1-бөлігі бойынша дәрілік заттарды сатып алу, сақтау және сату ережелерін бұзғаны үшін 5 хаттама толтырылды, 486150 теңге сомасына 5 айыппұл салынды. Сондай-ақ, осы фактілер бойынша препараттар ҚР дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімінде тіркелмеген, қосымша 3 әкімшілік хаттама қозғалып, ҚР ӘҚБК 426-бабының 3-бөлігі бойынша қарау үшін сот органдарына берілді, — деді Жамбыл облысының ТКҚСҚБД басшысының орынбасары Жандос Тынысов «ӨКҚ» алаңында өткен брифингте.

Бұған қоса, туарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті жеке тұлғаның «ЦЕФ — 3» құтысын сатқаны анықтаған, онда «Тегін» мөрі табылған және Тараз қаласы, «Бәйтерек» шағын ауданында орналасқан Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасы көрсетілген. ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабының 1-бөлігі бойынша сатушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, іс жүргізу шешімін қабылдау үшін материалдар Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне берілді.

Әлеуметтік желілерде жеке тұлғалар орналастырған хабарламалар бойынша дәрілік препараттарды сату жағдайлары анықталуда. Сонымен қатар, инстаграм желісіндегі хабарландыру арқылы «Цефамед» препаратының 13 қаптамасын сату факті бойынша, ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалып, сондай-ақ ҚР-да дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімінде тіркелмеген препаратты сату фактісі бойынша материал сот органдарына ҚР ӘҚБК 426-бабының 3-бөлігі бойынша қарау үшін берілетін болады.

Департамент қызметкерлері «Шөлдала» азық-түлік дүкенінде ацетилсалицил қышқылын сатылғанын анықтады, ҚР ӘҚБК 426-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалған. Сондай-ақ, ҚР дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімінде тіркелмеген препараттарды сату фактісі бойынша материалдар ҚР ӘҚБК 426-бабының 3-бөлігі бойынша қарау үшін сот органдарына беріледі.

Қазіргі таңда,  «Альфа мед», «Санур» ЖШС, «Садыхан» ЖШС, ЖК Токназарова, Амира фарм дәріханаларында дәрі-дәрмектерінің заңсыз сатылу фактісі бойынша «навиган» және «ацетилсалицил қышқылы (аспирин)», «кардиомагнил» препараттарының шекті бөлшек бағаларын көтеру бойынша тексеру жүргізілуде. Бұдан әрі мониторинг тобының жұмысы жалғасатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.