Дәріханалар жұмысы тұрақты бақылауға алынды

0 0

Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің жанынан дәрі-дәрмектер мен медициналық құрылғылардың сапасы мен баға тұрақтылығын қадағалау бойынша арнайы мониторингтік топ құрылды. Топ мүшелері аудан аумағында дәріханалар жұмысының сапасына рейд жүргізді, — деп жазады «ZhambylNews» ақпараттық агенттгі.

Рейд нәтижесінде, 11 дәріхананың 7-і тексеріліп, 3 дәріханада баға тұрақтылығын сақтамау фактілері анықталып, тиісті әкімшілік құжаттар ресімделді. Арнайы рейд аясында бағаны көтеру фактілерінің алдын алу шаралары жүргізіліп,құзырлы органдарға нақты фактілер ұсынылды.

Аудан әкімінің тікелей қадағалауымен аудан аумағындағы дәріханалардың жұмысы бақылауға алынды. Дәрі-дәрмектерді сатуда шекті бағадан асырмау — дәріхана иелерінің міндеті. Шекті бағасы бірыңғай белгіленген 68 түрлі дәрі-дәрмек пен медициналық құралдардың сатылымда қолжетімді бағада болуын қамтамасыз ету де — дәріхана иелері мен қызметкерлерінің жұмысы.

Әкімдік жанынан құрылған арнайы мониторингтік топ мүшелері жоспарлы кестеге сай барлық дәріхананың қызмет сапасын зерделеп, нәтижесін жариялап отыратын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.