Аптап ыстық, күшті жел, жаңбыр – сенбіге арналған ауа райы

0 0

Синоптиктердің болжауынша сенбі күні елімізде қатты ыстық болып, кей жерлерде жел тұрып, жаңбыр жаууы ықтимал, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

18 шілдеде еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағын бөліктерінің ықпалынан найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстік-батыста және орталықта бұршақ жаууы ықтимал. Тек еліміздің оңтүстігінде және шығысында жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғуы мүмкін.

Тәулік бойы Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, таңертең және күндіз Жамбыл, Қостанай, күндіз Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді.

Алматы облысында шаңды дауыл соғады. Қостанай облысының кей жерлерінде бұршақ жауы мүмкін. Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, екпіні 23-28 м/с жетеді, дауыл соғуы және бұршақ жаууы ықтимал.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты ыстық болуы мүмкін.

Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында өте қатты ыстық болуы ықтимал. Атырау, Ақтөбе облыстарында, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде, Алматы облысының батысында жоғары өрт қауіпі бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.