Қордайдағы баға тұрақтылығы — басты назарда

0 4

Қордай ауданындағы коронавирус індетінің алдын- алу мақсатында құрылған мобильді топ мүшелері сауда орындары мен қоғадық орындарда санитарлық талаптардың сақталуына күнделік бақылау шараларын жүргізуде,-деп хабарлайды «Zhambylnews» ақпараттық агенттігі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев ағымдағы жылдың 10 шілде күнгі телевизиялық үндеуінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында COVID-19 коронавирусынан тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында шектеу шараларын жариялады. Тиісінше, Қордай ауданындағы коронавирус індетінің алдын- алу мақсатында құрылған мобильді топ мүшелері күнделік бақылау шараларын ұйымдастыруда. Күніне екі-үш мәрте аудандық полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, сауда орындары мен қоғамдық орындардағы санитарлық нормаларды сақтау және карантин режимін бұзған тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жұмыс жүргізуде. Әсірсе, бүгінде індет белең алған кезеңде дәріханалардағы дәрі бағасы мен тұрғындар сұранысындағы препараттардың жеткіліктілігіне зерделеу жұмыстары күнделікті бақылауда.

Бүгін осы мақсатта аудан әкімінің орынбасары Б.Жамангозов бастаған топ аудан орталығындағы бірқатар дәріханаларда болып, кәсіпкерлерге бағаны негізсіз көтермеу керектігі түсіндірілді. Айта кетерлігі, «парацетамол», «асперин» сынды сұраныстағы дәрілер бүгінде дәріханаларға жеткізілуде.

Алдағы уақытта өңірде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығын сақтау және алдын алу шараларын күшейту бойынша мониторинг жұмыстары ұдайы жүргізілетін болады. Жалпы, Қордай ауданы бойынша сақтық шаралары қатаң бақылауда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.