Талас ауданында құны 25 млрд теңгені құрайтын цех салынғалы жатыр

0 7

Талас ауданындағы «Talas Investment Company» ЖШС-нің қуаттылығын 15,0 мың тоннадан 30,0 мың тоннаға дейін көтеру мақсатында, құны 25 млрд. теңгені құрайтын зауыттың жанынан қосымша цех соғу жоспарлануда, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарттық агенттігі.

Қазіргі таңда цех орналасатын жердің жер телімінің жеке меншік иесінен алу жолдары қарастыру бойынша зауыт басшылығымен және жергілікті атқарушы органдармен жұмыс жасалуда.

Бұған қоса, өңірде құны 3,7 млрд. теңгені құрайтын, қуаттылығы 9,0 мВт болатын жел электр энергиясын өндіру мақсатында «Вин Пауер Сити» және «Вин Электрсити» ЖШС-нің соғу жұмыстары жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.