Талас ауданында  97 гектарға су үнемдеу технологиясы енгізілген

0 0

Талас ауданында 97 гектарға су үнемдеу технологиясы енгізілген. Оның ішінде, Ақкөл ауылдық округіндегі «Бекен» шаруа қожалығында 85 гектар алқапқа және Бостандық ауылдық округінде «Жаңалық» шаруа қожалығы 12 га тамшылатып суару технологиясын пайдалануда, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі.

Талас ауданында 13525 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарланып, 100% орындалды. Өткен жылмен салыстырғанда егіс көлемі 1303 гектарға артқан. Барлық егістік жердің 85% игеріледі.

Сондай-ақ, көктемде 4260 гектар алқапқа жаздық ауыл шаруашылығы дақылдары егу жоспарланған. Оның ішінде, 1400 гектар жаздық арпа, 480 гектар дәндік жүгері, 560 гектар мақсары, 40 гектар күнбағыс, 130 гектар картоп, 300 гектар бақша, 200 гектар көкөніс, 130 гектар жерге қант қызылшасы және 1000 гектар көпжылдық шөп егу межеленген.

Бұған қоса, жер қатынастары саласы бойынша жыл басында жоғары мемлекеттік органдар және облыс әкімдігі тарапынан берілген тапсырмаларды орындауға бағытталған 5 индикаторлық көрсеткіштер белгіленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.