Тұрар Рысқұлов ауданында сауда орындарына кешкі рейд жүргізілді

0 3

Тұрар Рысқұлов аудандық жедел штаб мүшелері мен мониторингтік топ мүшелері коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша жеке кәсіпкерлермен кешкі рейд жүргізуде, — деп жазады «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі.

Аудан әкімі Ерболат Садырқұлов бастаған топ Құлан ауылындағы карантиндік шаралардың сақталуын зерделеді.

Нәтижесінде, шектеу шараларына қарамастан бірқатар сауда орындарының иелері тарапынан карантиндік шектеулерді бұзу фактілері орын алған. Мысалы, облыс аумағында сауда орындары кешкі сағат 20:00-ге дейін ғана жұмыс атқаруы бекітілген. Алайда, бұл талаптарды өрескел бұзу фактілері орын алған жайттар кездесті. Топ мүшелері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп,тиісті заңнамаға сай құжаттар ресімдеп өткізді.

Айта кетейік, осындай рейдтер алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.