Өңірде орман өрттерін анықтау үшін 32 өрт-бақылау мұнарасы орнатылды

0
14

Облыс бойынша орман өрттерін дер кезінде анықтау үшін 32 өрт-бақылау мұнарасы мен мемлекеттік мекемелер аумағына кіру орындарында 20 бақылау пункті орнатылды, — деп жазады “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Өңірде өрт саны мен өрт болған алаң 2 есеге төмендеді, орман өрттерінің саны 33% — ға, ал дала өрттерінің саны 25% — ға төмендеген. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында өткен брифингте зілзалалар қауіп-қатерлерін төмендету және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқарманың бастығы Жасұзақ Ибраимов айтты.

Табиғи өрттердің алдын алу мақсатында ТЖ бөлімдері, жергілікті полиция қызметі және жергілікті атқарушы органдар жеке құрамының күшімен жалпы саны 84 адамнан тұратын 18 бірлескен мобильді топ құрылып, тәртіп бұзушыларды анықтау және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында 220 рейд жүргізді.

Рейд барысында 35 құқық бұзушы ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 336 бабы бойынша ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Онда өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинау және оларды жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылған.

Облыс әкімдігімен мемлекеттік орман қорының аумағын өрттен қорғау бойынша жұмыстар жүргізу үшін 2020 жылға 78 млн.теңге, сондай-ақ мемлекеттік орман қорының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін 4,8 млн. теңге бөлінді.

Облыстың ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ — де жеке құрамды жету қиын таулы жерлерге жеткізу үшін 10 бірлік өтімділігі жоғары техника, табиғи өрттерді сөндіру үшін 68 бірлік өтімділігі жоғары автоцистерналар, 139 бірлік ранцті өрт сөндіргіштер, 1000 бірлік хлопушкалар, сондай-ақ 7 бірлік «Турая», «Иридиум» спутниктік терминалдары даярланды.

Жол қызметтерінің жұмыс жоспарына сәйкес облыс аумағындағы республикалық маңызы бар 1237 км автожолдардан 638 км, 1943 км облыстық маңызы бар автожолдардан 712 км, ал 840 км теміржолдардан 104 км қашықтықта орман екпелері бойында өртке қарсы жолақ жыртылды.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here