Мойынқұмдық жастар асарлатып үй салуға белсенді үлес қосуда

0 0

Өзге аудандармен қатар Мойынқұмда да баспанаға мұқтаж отбасылар үшін көптің көмегімен асарлатып үйлер  салына бастады. Ауданға қарасты елді-мекендердің бірінде баспаналардың іргетасы қаланып жатса, Жамбыл ауылындағы үйдің ішкі құрылысы жүргізілуде,-деп хабарлайды  “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Жамбыл облысында   Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және облыс әкімі Б.Сапарбаевтың хаттамалық тапсырмасымен аудандарда «Асарлатып үй салу» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жобадан Мойынқұмдықтар да шет қалмай баспанаға мұқтаж отбасыларды анықтап, жұмысқа белсене кірісті. Мәселен,    Жамбыл ауылында салынып жатқан үйдің бүгінде ішкі құрылыс жұмыстары жүргізілуде.  Оған ауыл жастары көмек қолын созуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.