Жамбыл ауданындағы шаруа қожалығы қызылша мен пияздан мол өнім күтуде

0 19

Жамбыл ауданы «Пионер» өндірістік кооперативінде  «Шарипов» шаруа қожалығы 50 гектар жерді жалға алып, қызылша және пияз өсіруде, — деп жазады «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі.

Аталған шаруа қожалыққа аудан әкімі Сәкен Арубаев және орынбасары Нұрлан Несіпбеков, Қарасу ауылдық округінің әкімі Самат Селеубаев барып егістіктің жай-күйімен танысты.

Қант қызылшасына ерекше күтім мен бап керек. Ағын суды көп қажет ететін балтамырды баптап, еселі еңбек етіп жатырмыз дейді өндірістік бригаданың бригадирі Ринат Шарипов.

– Біздің шаруашылық 6-7 жылдан бері қант қызылша­сын өсірумен айналысып келеді. Қай жерде, қанша көлемде ексек те дақылдың бұл түрін баптаудың көзін тауып, мол өнім алып жүрміз. Бұл өңірге қызылшаны бірін­ші рет орналастырдық. Қант қызылшасының француздық сұрпын 35 гектарға ектік, — деді ол өз сөзінде.

Сондай-ақ, еңбеккерлер  15 гектар жерге пияздың голландық сұрпын еккен. Ал қазіргі таңда егістікке қажетті техникалар да жеткілікті дейді Ринат Шарипұлы.

— Пияздың әр гектарынан жыл сайын 1000 центнерден өнім жинап жүрсек, тәтті түбірден де мол өнім алудамыз. Алқапқа дер кезінде минералдық тыңайтқыштар сіңіріліп, жүйек аралығын уақытында қопсытып қойдық. Қызылша алқабы 10 мәрте су ішті. Жиын-терін кезінде жұмыстың бәрін техника күшімен атқарамыз. Оған жегілетін техника бүгіннен-ақ сақадай сай тұр, – дап қуанышын жеткізді.

Айта кетейік, биыл облыс бойынша 4394 гектар жерге қант қызылшасы егілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.