Жамбыл облысында жалпыреспубликалық «Адалдық сағаты» акциясы өтті

0 0

Өңірде Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай жалпыреспубликалық «Адалдық сағаты» акциясы өтті, — деп жазады “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Биыл елімізде бүкіл әлем мойындаған, данышпан бабамыз Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аталып өтеді. Ол өз шығармаларында, оның ішінде «Қайырымды қала тұрғындары» еңбегінде тәрбие, мейірімділік, парасаттылық және әділдік жайлы ой қозғаған.

Акция онлайн форматта болғандықтан, Білім және ғылым, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерімен алдын ала келісіп, «Адалдық сағаты» республикалық телеарналарда көрсетілді.

Одан бөлек, бейне-дәрістер Агенттіктің Youtube парақшасына жүктеліп, аумақтық департаменттер мен «Adaldyq alańy» жобалық кеңселерінің әлеуметтік желілерінде көрсетілді. Бейне-дәріс пен арнайы сюжеттер облыстық/аудандық телеарналарда да ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, іс-шарада Adaldyq alańy» жобалық кеңсе жетекшілері, қоғам белсенділері тәрбиелік маңыздылығы туралы сұхбат берді.

Онлайн форматта өткен «Адалдық сағаты» бірқатар басымдықтарды көрсетті.Біріншіден, арнайы әзірленген бір ғана бейнеролик арқылы барлық білім беру ошақтары қамтылды. Нәтижесінде, адами ресурстар мен уақыт барынша үнемделді. Екіншіден, әлеуметтік желіде жастармен тиімді кері байланыс орнатылды. Бейне-дәрістің бір жерде онлайн таралуы, жастар арасында парасаттылық жүйесін қалыптастырудың жаңа тетігіне айналды. Үшіншіден, терең біліммен қатар, адалдық пен парасаттылық құндылықтарының маңызын өз ғұламаларымыздың еңбектері арқылы жеткізу жастар, жалпы қоғам тарапынан қолдауға ие болды.

Ұлы ойшылдардың еңбектерін кең көлемде дәріптеу – саналы ұрпақты тәрбиелеудің жарқын үлгісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.