Таластықтар қайырымдылық шарасын ұйымдастырды

0 0

Бүгін күллі мұсылман үшін ұлық саналатын қасиетті Құрбан айтта таластықтар игі іс жасады. Қаратау қаласы бойынша 8 ірі қара, 60 жуық ұсақ мал, 1 түйе сойылып 650 адамға қайырымдылық көрсетілді, — деп жазады “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Дінімізде бұл мерекенің алар орны айрықша. Өйткені, қасиетті Құрбан айт елдің бірлігін күшейтіп, өзара бауырластықты арттырады. Асыл дінімізде дәріптелген діни дәстүр ғасырлар бойы халқымыздың қанына сіңіп, Ұлы дала төсіндегі ұлық мерекеге айналды. Бүгінгі шарада соның бірден-бір дәлелі.

Аталған қайырымдылық шарасына Талас ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов бастамашы болып, мемлекеттік қызметкерлер, «Талас Инвест»ЖШС мен аудан тұрғындары ат салысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.