Қарасай ауылдық округінде бірқатар игі істер қолға алынды

0 1

Қордай ауданындағы Қарасай ауылдық округінің азаматтары Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» және «Ауыл-ел бесігі» арнайы жобаларының аясында бірқатар игі істерді қолға алуда, — деп жазады «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі.

Атап айтсақ, ауыл тумасы Жақсылық Сатылғанов «Туған жерге тағзым» ретінде Қарасай ауылына кіре беріс орынға заманауи үлгіде стелла құрылысын бастады. Аталған стелланың жан-жағы түгелдей абаттандырылып, гүлзарлар орнатылып, заманауи шамдармен безендірілетін болады.

Ауылдық округ әкімі Гүлжахан Елемесованың бастамасын қолдаған ауыл кәсіпкерлері, «Туған жер» арнайы жобасы аясында ауыл балалары мен жастарының бос уақыттарын тиімді пайдалану және спортқа баулу мақсатында спорт алаңшасы «Street Workaut» орнату мақсатында құрылыс жұмыстарын бастаған.

Сондай-ақ, «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасы аясында да еріктілер мен ауыл азаматтарының жұмылуымен үлкен жобалар бастау алған. Яғни, Қарасай батыр мен Еңбек ауылдарының арасындағы «Қазақстанның киелі жерлері географиясына» кіретін ескерткіштердің айналасына ағаштар отырғызылып, тау шатқалынан арық қазылып, су тартылды.

Сонымен қатар, елді мекендер ішінде абаттандыру жүріп, ауыл шырайы ашыла түскен. Ауыл ішінен «Жастар аллеясын» ашу жоспарланып, алғашқы ағаш көшеттері де егілген екен. Оған ауылдан шыққан белді азаматтар көмек қолын созуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.