Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 41 жағдайы тіркелді

0 0

Ағымдағы жылдың 4 тамызындағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 41 жағдайы тіркелген, оның 26-сы симптомдық, 15-і симптомсыз, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі.

Атап айтсақ, Тараз қаласында 28 мен 80 жас аралығындағы тұрғындар арасында 16 симптомдық жағдай анықталды. Сондай-ақ, Қордай ауданында 39-60 жас аралығындағы тұрғындар арасында 5 жағдай, Жамбыл ауданында 1947, 1954 жылы туған тұрғындар арасында 2 жағдай, Талас, Жуалы, Байзақ аудандарында 1 жағдайдан тіркелді.

Симптомдық тасымалдаушылар инфекциялық және провизорлық стационарда емделуде. Олармен байланыста болған адамдар карантинге оқшауланды. Ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді.

Сондай-ақ, өткен тәулікте Тараз қаласында 21-72 жас аралығындағы 6 тұрғыннан симптомсыз коронавирус расталды. Бұдан бөлек, Байзақ ауданының 1985, 1992 жылдары туған, Талас ауданының 1974, 1968 жылдары туған, Жуалы ауданының 1989, 1982 жылдары туған және Қордай, Меркі және Т.Рысқұлов аудандарының 1996, 1994, 1985 жылдары туған тұрғындарынан симптомсыз оқиғалар анықталды. Олардың барлығы үй карантиніне алынды.

Жалпы, ағымдағы жылдың 4 тамызындағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирус жұқпасының 3724 жағдайы тіркелсе, оның 3019-ы емделіп шықты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.