Өңірдегі базар басшыларына ескерту жасалды

0 0

Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің мамандары Мәмбет батыр көшесі бойында орналасқан сауда орталықтары мен базарлардағы санитарлық талаптардың орындалуы бойынша мониторинг жүргізді, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Мониторинг барысында саудагерлердің медициналық бетперделер мен қолғаптарды киюі, антисептик, дене ыстығын өлшейтін құралдың болуы және арақашықтықтың сақталуы тексерілді. Нәтижесінде «Якка Сарай», «Береке», «Бек» және «Арзан» базарларында санитарлық нормалардың толықтай сақталмағаны анықталды.

Мәселен, саудагерлердің 50%-ы бетпердені жарым-жартылай тақса, кейбірінде бетперде мүлде жоқ, базарға келушілерде бетперденің бар-жоғы базарға кіреберіс орында еш қадағаланбаған. Тіпті, кейбір сауда қатарларында адамдардың арақашықтықты сақтамай, көптеп шоғырлануы саудагерлер мен базар әкімшілігін еш алаңдатып отырған жоқ. ⠀

Сондай-ақ, аталған базарлардың аумағында орналасқан тамақтану орындарында санитарлық талап мүлде сақталмаған. Аспазшы мен даяшылар жеке қорғаныш құралдарынсыз қызмет көрсетуде.

Аталған кемшіліктерді ескере отырып, базар басшылары мен саудагерлерге санитарлық талаптардың сақталуы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Карантиндік режим бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес жауапкершілікке тартылатындары ескертілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.