Жамбыл облысында эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтану үрдісі байқалады

0 0

Жамбыл облысында эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтану үрдісі байқалады, — деп жазады «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі.

2020 жылғы 6 тамыздағы жағдай бойынша облыста коронавирустық инфекцияны жұқтырған 3764 адам тіркелді, олардың 80%-дан астамы ауруханалардан сауығып шықты. Тамыз айының басынан бастап стационарлардан 1000-нан астам азамат жазылып шықты. Соңғы аптада коронавирус ауруы 1,2 есе, пневмония 2,6 есе төмендеді. Инфекциялық және провизорлық стационарлардағы пациенттер саны 15,4%-ға, реанимациялық бөлімшелерде — 24%-ға төмендеді. Жедел жәрдем шақырулар саны 11,4%-ға азайды.

Жағдай тұрақты бақылауда және оны одан әрі жақсарту үшін облыс тұрғындарын карантиндік шараларды барынша қатаң сақтауға шақырамыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.