Таразда мұқтаж отбасыларға кезекті азық-түлік табысталды⠀

0 0

«Қайырымдылық – жүректен» акциясы аясында Тараз қаласы әкімдігінің қолдауымен және өңірлік кәсіпкерлер атынан кезекті 300 мұқтаж отбасыға азық-түлік пакеттері табысталды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі.

Карантин талаптарына сәйкес, көп адамның шоғырлануына тыйым салынғандықтан, қала еріктілері аталған көмек жинағын мұқтаж отбасылардың тұрғылықты мекенжайына жеткізіп, қолдарына табыстады.⠀Аталған азық-түлік жинағының ішінде макарон өнімдері, күріш, қарақұмық, күнбағыс майы, ұн, шай, сүт секілді өнімдер бар және балалар үшін тәтті нан өнімдері де қарастырылған.

Негізінде жеті күнге жоспарланған бұл қайырымдылық шарасы тараздық кәсіпкерлердің жанашырлығы мен жомарттығының арқасында әлі де жалғасып келеді. 24 шілде күні басталған аталмыш шара шеңберінде күні бүгінге дейін 1000-ға жуық жанұя арнайы пакетпен қамтылды.⠀

Айта кету керек, азық-түлік пакеті табысталған отбасылар Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және қалалық әкімдікке бір реттік көмек алу үшін өтініш жолдағандар тізімі арқылы анықталып отыр. Бұл әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы немесе мүгедек бала бар отбасылар болып табылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.