Туған жерге қызмет

0 0

Ел басына күн туған қиын сәтте көмек қолын созған жандар аз болған жоқ. Мойынқұм ауданы Бірлік ауылында Лида Бірімқұлованың ұйымдастыруымен «Туған жерге қызмет» акциясы аясында әлеуметтік желіде топ құрып, 1300000 теңге көлемінде қаржы жинап, ауыл ауруханасына құрал-жабдықтар алып берді, — деп жазады “ZhambylNews” АА.

Өз кезегінде ауыл тұрғындары кезекті рет өздерінің бірлігі мен қайсарлығын, жақынына көмектесуге және қиындықты бірге жеңуге дайын екендіктерін көрсетті.

Жиналған қаржыға 3 дана өкпені жасанды желдету аппараты (ИВЛ), 2 дана тыныс алу жолдарын емдейтін аппарат, 2 дана пульсаксиметр аппараты, 25 дана төсек жабдықтары, 1 кір машинасын алынып ауылдағы ауруханаға табыс етілді.

Сондай-ақ, 618 отбасыға ауылдың ерікті жастарының көмегімен тегін маска таратылды. Көп балалы және көмекке мұқтаж 10 отбасыға азық-түлік себеттері берілді.

Елге қауіп төнген кезде осынау дерттен айығуға дем болатын ауқымды іске атсалысу — әрбір азаматтың парызы. Жақсылыққа жаны құмар ауыл тұрғындарына алғысым шексіз, — деп, алғысын жаудырды Лида Бірімқұлова.

Бұдан кейін, Бірлік ауылының әкімі Қанат Көпбаев еріктілерге алғыс айтып, жасап жатқан игі істеріне ризашылығын білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.