«Ғылым таппай мақтанба» атты Жамбыл облыстық делфийлік ойындар байқауы басталды

0 6

Өңірде «Ғылым таппай мақтанба» атты Жамбыл облыстық делфийлік ойындар байқауы басталды, — деп жазады “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі Adyrna ұлттық порталына сілтеме жасап.

Байқау «Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жобасы аясында «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен бастау алып отыр.

Байқаудың мақсаты – Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, шығармашылыққа бейім жандарды дәріптеу болып отыр.

Байқаудың міндеттері:

  •   Жастардың ізденісін артыру;
    ·Абай есімін дәріптеуге баулу;
    · Жастар шығармашылығына көңіл бөлу;
    · Ақын-жазушылар, абайтанушылар, журналистер, суретшілер, видеографтар, зерттеушілер, әншілермен байланыс орнату арқылы кәсіби мотивация беру;
    · Ауылдардағы (шалғай елді-мекендерде) шығармашылыққа қабілеті бар назардан тыс қалған шығармашылыққа бейім жандарды БАҚ арқылы насихаттау.

Байқауға 14-35 жас аралығындағы Жамбыл облысының тұрғындары қатыса алады.

Байқау бойынша мынадай номинациялар бар: 1-номинация. «Үздік гуманист». Бұл номинация бойынша қазіргі кездегі қоғамдағы әртүрлі өзекті мәселелерді қоса отырып, Абай Құнанбайұлының 45-қарасөзінің жалғасын яғни 46 қара сөзін жазып шығуға байқау жарияланады.

Ал, 2-номинация «Үздік поэзия». Бұл номинация бойынша Абай Құнанбайұлына қатысты арнау өлеңге шығармашылық байқау жарияланады. Ақтық сынға шыққан үздіктер сахнада өз өлеңімен қоса, Абайдың бір өлеңін мәнерлеп оқып шығуға міндеттеледі. 3-номинация «Үздік бейнелеу өнері».
Бұл номинация бойынша Абай Құнанбайұлының кескін-келбетін үздік бейнелеуге шығармашылық байқау жарияланады. 4-номинация «Үздік бейнеролик». Бұл номинация бойынша Абай есімі дәріптелетін 3D форматтағы анимациялық, т.б үлгілердегі үздік бейнероликке шығармашылық байқау жарияланады. Сондай-ақ, 5-номинация «Үздік Абай әндерін орындаушы». Бұл номинация бойынша Абайдың музыкалық мұрасын үздік орындаушыға шығармашылық байқау жарияланады.

Толық ақпаратты +7 747 933 91 09 нөмірі арқылы біле аласыздар. (Сұрақтарыңызға дүйсенбі-жұма күндері аралығында сағат 09.00-18.00 арасында ғана жауап бере алады).

Leave A Reply

Your email address will not be published.