Таразда «Ғылым таппай мақтанба» шығармашылық байқауының жеңіпаздары анықталды

0 3

Жамбыл облысы Ішкі саясат басқармасы мен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі «Ғылым таппай мақтанба» және «Мәңгілік елдің алыптары» атты жариялаған шығармашылық байқауларының жеңіпаздары анықталды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі.

Байқау жастардың ізденісін артыру, Абай есімін дәріптеуге баулу, ақын-жазушылар, абайтанушылар, журналистер, суретшілер, видеографтар, зерттеушілер, әншілермен байланыс орнату арқылы кәсіби мотивация беру, ауылдардағы (шалғай елді-мекендерде) шығармашылыққа қабілеті бар назардан тыс қалған шығармашылыққа бейім жандарды БАҚ арқылы насихаттау мақсатында ұйымдастырылған болатын.

Байқауға 14-35 жас аралындағы өңір тұрғындары қатысты. Бес номинациядан тұратын байқаудың қорытындысы қазылар алқасының шешімімен анықталды.

Қатысушыларды Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Дауыл Бейсенқұлов пен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің басшысы Арман Серікұлы марапаттап, ынталандыру сыйлықтары мен сертификаттар табыстады.

Сонымен, «Үздік поэзия» номинациясы бойынша I орынды Жұматай Кекубайұлы иеленді. Ал, ІІ орын Төлепберген Әбілқайырға бұйырса, ІІІ орынды Мойынқұм ауданының тумасы Есіл Айдарбек алды.

«Үздік гуманист» номинациясы яғни, қазіргі кездегі қоғамдағы әртүрлі өзекті мәселелерді қоса отырып, Абай Құнанбайұлының 45-қарасөзінің жалғасын яғни 46 қара сөзін жазып шығу бойынша  І орын Ақжігіт Жетпісбайға бұйырды. ІІ орын Тоғжан Төлепберген  алса, ІІІ орынды Нұрайым Төленді иеленді.

Ал, «Үздік бейнелеу өнері» номинациясы бойынша І орынды Сейітжапар Елнария алды. ІІ орынды Айдана Скендирқызы  иемденсе, ІІІ орын Қорабай Аянның тақымына байланды.

Бұдан кейін, «Үздік бейнеролик» номинациясы бойынша І орын Мерей Баетке бұйырды, ІІ орынды Әкімбай Назерке , ІІІ орынды Затыбеков Орынбасар алды.

Бесінші «Үздік Абай әндерінің орындаушысы» номинациясы бойынша І орынды Ербосын Қасымбеков иеленді, ІІ орынға Диас Абилеков және ІІІ орынға Әлімқұл Ерболат табан тіреді.

Сондай-ақ, қаламгерлер мен журналисттердің және шығармашылық адамдарының қатысуымен өткен  «Мәңгілік елдің алыптары» атты эссе байқауы бойынша 1-орынды Талшын Биболқызы алса, 2-орын Нәзиля Тұрсынға, 3-орын  Ақжан Алтынбекқызына бұйырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.