Ұлттық құраманың шабуылшысы «Тараз» құрамын толықтырды

0 0

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Бауыржан Тұрысбек «Тараз» футбол клубымен келісімшартқа отырды, — деп жазады “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Ол «Тараз» футбол клубының баспасөз қызметіне сұхбат берді. Сондай-ақ, неліктен біздің клубты таңдағанын айтты.

— Қарағандылық «Шахтер» клубы мені командада көргісі келмейтіндерін және, мүмкін, клубтан кетіп, басқа нұсқаларды іздеуім керек екенін түсіндірді. Бұл трансферлік терезе қысқа болды және шешім тез қабылдануы керек еді. Ал «Тараз» клубынан мен қызығушылық пен сенімді байқадым. Менің де бұл клубқа деген қызығышылығым болды және бұл басты фактор болды, — деді ол.

Сондай-ақ, футболшы клубтың базасы ұнағанын және ұжымның жақсы қарсы алғанын атап өтті. Бұған қоса, клубпен қандай жетістікке жетуді қалайтынын жасырмады.

— Мен үшін ең бастысы — ойнау, гол соғу және жеңіс. Командамен бірге өсуді қалаймын, мен де ұлттық құрамада ойнағым келеді және менің дәлелдегім келетін нәрсе бар. Егер жеңістер болса, біз жетістікке жетеміз деп ойлаймын. Мен «Таразға» сенемін, сондықтан осы клубқа ауыстым, — деді.

Сондай-ақ, пандемияға байланысты футбол жанкүйерлерсіз өтіп жатқандықтан, спортшы жанкүйерлеріне шыдамдылық тіледі.

Қазір футболдағы қиын сәтті бастан кешірудеміз, жанкүйерлерсіз ойнайтынымыз өкінішті. Мен үшін бұл эмоция мен қолдаудың жоғалуы. Бірақ пандемиямен байланысты жағдай тұрақтандырылып, жақын арада стадиондар тағы да жанкүйерлерге толады деп сенемін. Ал әзірге команда жанкүйерлеріне шыдамдылық тілеймін, — деді ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.