Айтулы күнге ЖД-158/7 мекемесі де үн қосты

0 0

Айтулы күнге ЖД-158/7 мекемесі де үн қосты.  Карантиндік талаптар сақтала отырып, іс-шара өтті. Түрме аумағындағы кітапханаға сотталғандар жиылып, ақынның шығармаларымен танысты, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Түсінгенге мол мұра — Абайдың қара сөздері, жұрт арасында кеңінен танымал қанатты сөздер мәселен, Абай айқындап берген «Бес асыл іс, бес дұшпан», «Біріңді қазақ бірің дос» сынды тәмсілдерді жатқа айтып жарысты. Ал үш бірдей сотталған жүрекжарды туындысын арнап, көпшілік алдында оқып берді.

Сондай-ақ, екі жазасын өтеуші қосылып үлкен көлемді Абай портретін салып, дәп бүгін бітірді. Ені 1 метр, ұзындығы 1,5 метрді құрайтын қылқалам туындысы майлы бояумен салынған. Суретшілердің сөзінше тұғыры биік тұлғаның туындысы да  өзгелерден айшықтала түсуі тиіс. Мекеме бастығының міндетін атқарушы, әділет майоры Жасұлан Құрманалиевтің айтуынша сотталғандардың ерекше ықыласы тәнті етті. Кей бағдарламалық жиындарға селсоқтық танытатыны жасырын емес. Алайда бұл жолы белсенді қатысып, сонымен қатар ХХ-ғасыр гомерінің бірнеше өлеңдерін жатқа айтып, нақыл сөздерін тілге тиек етуі қуантты деседі.

Бүгінгі күн қазіргідей індетпен арпалысып, күйзелген халықты өресін көтеріп, жырымен емдеген құдіретке ие күн болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.