Асада қос бірдей көп қабатты үйдің құрылысы жүргізілуде

0 4

Жамбыл ауданы Аса ауылында қос бірдей көп қабатты үйдің құрылысы жүргізілуде, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Асадағы Абай көшесінің бойынан зәулім нысанның салынуы болашақта аудан орталығының келбеті мен көркіні одан сайын ажарландыра түсетіні даусыз.

Аталған нысанның бүгінгі тіршілігімен танысу үшін аудандық мәслихаттың хатшысы Рүстем Бегалиев, аудандық мәслихат депутаты Индира Тоғанбаева, аудандық мәслихат аппаратының басшысы Қуаныш Қарашолақов және аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қайрат Ержігітов құрылыс басына келді.

Бес қабаттан тұратын тұрғын үй құрылысының қазірдің өзінде қабырғасы қаланған. Мердігер мекеме «Бином» ЖШС құрылыс жұмысын жыл соңына дейін аяқтап, 76 отбасыны қуанышқа кенелтпекші.

– «Аса – аудан айнасы болу керек». Бүгінгі күннің талабы сондай. Оның үстіне ауданымыз Тараз қаласын қоршай орналасқан. Аудан орталығы облыс орталығынан кем болмауы қажет, — деді тиянақты тірлік пен жүйелі жұмысқа көңілі толған Рүстем Әлішұлы.

Расында, осыдан 10-15 жыл бұрынғы Аса ауылынан бүгінгі кескіні көз тартатынын ескерсек, жаңа нысандар ажарын аша түсетіні сөзсіз.

Сондай-ақ аймақта спорттық -сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр.Нысан қазан айында пайдалануға берілмек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.